Статьи

Жас нрестені ндатауды сыры

1429 
354 читателей оценили эту публикацию

«Жаңа туған баланы жаялыққа орап, жанын қинамау керек» деген пікірді соңғы кездері жиі естиміз. Бұл дұрыс пікір ме?

Жас нрестені ндатауды сыры

Құндақталған баланың сипап сезу қабілеті дұрыс дамымайды, жалпы ­баланы жаялыққа орау ескі­ден қалған дәстүр. Себебі, бұрынғы кезде жаңа туған балаларға арналған киім-кешек өндірісі қазіргідей дамымаған еді. Баланың қол-аяғын тастай қылып орау оны қинаумен тең. Соңғы кезде жас босанған аналардың әңгімесінен балалар дәрігерлері мен психологтарына сілтеме жасай отырып айтылатын осындай пікірді жиі еститін болдық. Енді мәселенің анық-қанығына жетуге тырысып көрелік. Бір қызығы, баланы жаялыққа орауға қарсы шығатын, сәбилер жанашырларының пікірін тың­­дасақ, жаялыққа орау деген қиын да ұзаққа созылатын үдеріс сияқты кө­рінеді. Яғни, оларды тыңдасақ, ана баласын туғаннан бастап, тіпті ая­ғы шығып, шауып жүрген кезінде де қинап, құндақтауға тырысатын сияқ­ты әсер қалады.

БҰЛ ҚАЙДАН ШЫҚҚАН ТӘСІЛ?

Мұндай қисынға сый­майтын тұжы­рым жасаушылар құн­дақтаудың қай­дан шыққанын, қай ха­лықтың тұр­мыс-салтына тән екенін анық білмейтін болуы керек. Бұған қо­са, құндақталған баланың сипап се­зу қабілеті дұрыс дамымай қалады де­ген пікір білдірушілерді баланың құр­сақтағы даму ерекшелігінен мүл­дем бей­хабар ма деп қаласыз.Өйткені, ба­ланың құрсақішілік даму физиоло­гиясы заңдылықтарына сәй­кес ана­сының бойына біткеніне үш ай толы­сымен баланың терісінің сезгіштігі, яғни жалпы сипап сезу қабілеті қа­лыптасады. Төрт айға жеткенде қи­мыл-қозғалысының икемділігі артып, бала қолын аузына апарып, тіпті сау­сағын соруды, жұдырығын түюді үй­ренеді. Бастапқы кезеңде салмағы же­ңіл бала қағанағының (шарананың) ішіндегі суда емін-еркін қозғалады. Аяқ-қолын ара-тұра жатырдың қабыр­ғасына тигізіп, табанын тірейді және алақанын басып көреді. 32 апта өт­кесін баланың салмағы артып, денесі өскендіктен, құрсақта бұрынғыдай емін-еркін қозғала алмайды. Сөйтіп ба­ла өскен сайын денесінің көп бөлігі жатыр қабырғасымен жанаса тү­се­ді. Ал, анасының босанатын мер­зі­мі тая­ған сайын жатыр аздап жиы­рылып тұрады. Бұл белгіні Брек­с­тон-Хикс толғағы деп те атай­ды. Яғни, жатыр осылайша жиырыл­ған кезде бала денесін біреу қы­сып құшақтағандай әсерде болады. Баланың тууына бір­-­екі апта қалғанда оның қолдары де­несіне жа­бысып, қолын иық­тағы буы­нынан айнал­дыра қозғалта алмай­ды. Сөйтіп, екі қолын денесіне тигізе, қысып ұстау баланың құрсақ­іші­лік әдетіне айналады. Сәби дүниеге келген соң, үйреншікті, тар болса да жайлы ортасынан мүл­де басқа, ол үшін шетсіз-шексіз ке­ңістікке тап болады. Жа­ңа ортаға бей­ім­деліп кеткенше, ол құрсақішілік әдеттерін сақтайды. Жа­ңа туған кезде еш жері оралмай бос жатқан бала қол-аяғын сермеп, жылайтыны белгілі. Оның себебі, анасының құрсағында қалай қозғалса да, оның табаны мен алақанын тірей­тін жері болатын, яғни сәби жатыр­дың қабырғасын сезінетін. Аяқ-қолы ер­бең­деп, еш жерге тірел­меген кездегі ба­ланың шошынуын та­бан тірейтін же­рі жоқ, терең суға батып бара жатқан ересек адамның қорқынышымен те­ңестіруге болады. Осындай кезде анасы баланың қол-ая­ғын басып ұстап, құшағына қысса, ол бірден тыныштанады. Дүниеге келген сәбидің сипап сезу қабілеті, жатырда жатқан ке­зіндегі сияқты тұтас денесі­не, әсі­ресе, табаны мен алақанына ти­ген нә­р­сені сезіну арқылы дамиды. Яғни, де­несіне тиген жаялық, киім-ке­шек, өзінің қол-аяғы, үлкендер құ­шағына алып көтерген кезде, де­не­сіне дене жа­насқаннан баланың сипап сезу қа­білеті дамиды. Бала шошын­бай, аяқ­-­қолының қозғалысын меңгеруі үшін бастапқы кезде оны мүлдем бос қоюға болмайды.

ҚҰНДАҚТАУДЫҢ ДА ЖӨНІ БАР

Егер жас босанған ананың ата салтымыз бойынша баланы бесікке салып өсіретін жағдайы болса, тіпті тамаша. Баланы бесікке салудың қаншалықты пайдалы екендігін, тұ­рақты оқырманымыз болсаңыз, жур­на­лымыздың өткен санындағы мақа­ладан оқыған боларсыз. Ал, қазіргі кезде жас аналар түгіл, немере сүйгелі отырған апаларымыздың көпшілігі, әсі­ресе қалалық жерде тұратындары, баланы бесікке бөлеудің жай-жап­сарын, шыны керек, білмейді. Оның үстіне сапалы, дұрыс жасалған бесік табу да қиын шаруа. Бесікті ма­неж сатып алған сияқты кез­-келген балалар тауар­ла­рын сататын дүкен­нен таба алмайсыз. Бұл, әрине, өкінішті жағдай. Оның үстіне жоғарыда айтылған баланың қол­-аяғын туа сала бос қою керек деген пікірді ұс­тан­ған, өзі жас, яғни тә­жірибесі жоққа тән ана босан­ған соң үлкен қиыншылықты ба­сынан өт­кереді. Баласы қолды-аяқ­қа тұрмай шырқырап жылайды, тек анасы көтерсе ғана тынышталып, қолға әбден үйреніп алады. Қолға үй­ренген бала анасы­ның екі қолын, әрине, бірдей байлайды. Бірақ қазіргі кезде иықтан асыра іліп, баланы ішіне салып, денеге байлап алып жүруге болатын, слинг немесе кенгурятник сияқты пайдалы заттар жетерлік. Қанша дегенмен баланы көтеріп жү­ру жас босанған ананың әлі қата қой­маған беліне, омыртқасына зиян. Жаңа туған баланы денесін бір­қа­лып­ты температурада тоңдырмай жы­лы ұстау керек. Сәби шырқырап жы­лаған кезде ересек адам қолына алып көтерсе, бірден уанатынын бі­леміз. Бұл баланың қарны ашпаса да, денесіне қарапайым жылудың же­тіспегендігінен жылайтынын, ана­­сы құшағына алған кезде тар құр­сақ­та­ғыдай, денеге дене жанасып, жайлы күй кешетінін білдіреді. Баланы жая­лыққа орағанның жөні осы екен деп, аяқ-қолын қозғалтуға мүмкіндік бермей, сынған жерді матағандай, тастай қылып орауға болмайды. Ең дұрысы, бала аз да болсын қол-аяғын жыбырлата алатындай бостау қылып ораған жөн. Тағы бір айта кететін жайт, жаялыққа орайтын баланың үстіне жұқа ит көйлектен басқа киім кигізбеу керек. Бала өскен сайын біртіндеп өз денесін игере бастайды. Сөйтіп туғанына 10-30 күн толғанда сәби қолын сермеуден шошынуын қояды, бірақ кейбір балалардың 3-6 айға дейін ұйықтап жатып, өз қолы­ның қимылынан шошып оянатын кез­дері болады. Баланың екі қолын бос қойып, қол­тығының астынан жая­лыққа орау­ды дұрыс деп айта алмаймыз. Ал, егер бала жаялыққа орап қойғаннан кейін иығын қозғай-қозғай қолын жаялықтың сыртына шы­ғарып алып, тіпті саусағын со­рып жатса, оны қайта шұғыл түрде «дұрыстап тұрып» орауға асықпай-ақ қойыңыз. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізсін, саусағын сорып әбден ра­хаттансын. Әдетте, саусақ сору туғанына бір ап­та толған баланың қалыпты түрде да­муының белгісі ретінде саналады. Өз бетін өзі тырнап тастамауы үшін кигізетін, жеңінің ұшы бітеу ит көйлектер мен қолғаптарды балаға ұзақ кигізуге бол­майды. Әсіресе, оның құндақтаулы ке­зінде. Өйткені, баланың қолы қалай қоз­ғаса да тек шүберекке тиетіндік­тен, денесін сезіне алмайды. Соған орай оның сипап сезу қабілеті де төмендейді.

ЖАЯЛЫҚТАН ШЫҒАТЫН КЕЗ

Баланы жаялыққа ораудың нақты белгіленген мерзімі жоқ. Кейбір ба­лалар жаялықта жатқанына үш апта өткен соң-ақ, қол-аяғының қимылын игеріп кетеді. Ал, қайсыбір сә­би­лер алты айға дейін бос жатқан қол-аяғының ербеңдеуінен, әсіресе түн­ ұйқысынан оянғанда, шошып жы­лайды. Яғни, баланы жаялыққа орау­дың қажет немесе қажет емес екен­дігінің басты көрсеткіші — бала­­ның аяқ-қолының қимыл-қозғалы­сын өзі басқара алатын дәрежеге жетуі. Егер бала ұйықтап жатқан кез­де қолын сермеп қалып, шошып оян­са, оны, әсіресе ұйықтаған кезде, әл­де де жаялыққа орау керек. Егер бұ­лай шошынбай, тыныш ұйықтаса, ораудың қажеті жоқ. Жаялықтан шық­қан соң, үйдің температурасы балаға суық тиіп қалмайтындай жылы бол­са, оны ара-тұра үстіне бір қабат ит көйлегін ғана қалдырып аз уақыт­қа жар­тылай жалаңаш жатқызып қою­ға болады. Баланы әуреленіп, жаялыққа орап жат­қаннан дайын киімді кигізе сал­ған, әрине, оңай. Есіңізде бол­сын, перзентіңіздің денсаулығы мық­ты, жүйкесі сау боп ержеткенін қа­ла­саңыз, қандай мәселеге қатысты бол­сын өзіңізге ыңғайлы жағын емес, балаға жайлылығын бірінші орынға қойыңыз.

 

"Бопем" журналы, № 7 (12) желтоксан 2011

Реклама
Творческая студия Comilfo
Жас нрестені ндатауды сыры
Алматы
Самая важная задача всех родителей – сделать так, чтобы любимый ребенок был восхищен своим долгожданным праздником. Мы можем творить чудеса!
Подробнее
http://www.comilfo.kz
Частная школа «Alliance school»
Жас нрестені ндатауды сыры
Алматы
«Alliance school» - современная Школа завтрашнего
Подробнее
Школа художественной гимнастики Натальи Кузнецовой
Жас нрестені ндатауды сыры
Школа является спортивной организацией и активно участвует спортивно-культурной жизни города Алма
Подробнее
Познай-ка Монтессори центр
Жас нрестені ндатауды сыры
Алматы
Детский центр приглашает детей от 1,5 до 7 лет на занятия.
Подробнее
http://www.poznai-ka.kz
Детский комплекс «Art-LOTOS»
Жас нрестені ндатауды сыры
Алматы
Детские развивающие центры, детский садик
Подробнее
http://art-lotos-detki.kz
Детский центр гармоничного развития «Умнички»
Жас нрестені ндатауды сыры
Алматы
Детский центр «Умнички» предлагает интересные и увлекательные, а главное - эффективные занятия д
Подробнее
Шоу центр — агентство детских праздников
Жас нрестені ндатауды сыры
Алматы
Шоу центр — агентство детских праздников, предлагает Вам свои услуги в организации незабываемого
Подробнее
Условия размещения: 30 000 тенге за 6 месяцев или 45 000 тенге за 12 месяцев Все объявления
Разместить рекламное объявление