Статьи

олдан тспейтін бала

630 
394 читателей оценили эту публикацию

Жас сәбиге анасының немесе әжесі бар, кез-келген жақын адамының жылуын тұла бойымен сезіну аса қажет. Қарны тоқ болса да, ересек адам қолына алмайынша тыншымайтын нәрестенің мінез-құлқы осыны аңғартса керек

олдан тспейтін бала

Жас сәбиге анасының немесе әжесі бар, кез-келген жақын адамының жылуын тұла бойымен сезіну аса қажет. Қарны тоқ болса да, ересек адам қолына алмайынша тыншымайтын нәрестенің мінез-құлқы осыны аңғартса керек

Үлкендер:

«Жаңа туған нәресте­ні көтере беруге болмайды, ана­сы­ның иісін алған бала жылауық болады дейтін». Алайда, немересін бе­сігінде, болмаса алдына алып тер­бе­тіп өсіретін әжелер жас босанған ана­ның жұмысын жеңілдететін. Үлкен отбасының мүшелері кезекпен көте­ріп жүрген бөбектің қанша ұйықтап немесе жылағаны байқалмайтын да. Соның арқасында анасының уақыты үйішілік жұмыстар мен келімді-ке­тімді қонаққа да, емізулі бөпесіне де жетіп артылатын еді. Ал, айналасын танып үлгермеген жаңа өмір иесіне жақын адамдардың жылылығы мен махаббатын сезіну қаншалықты ма­ңызды? Ұйықтау мен емуді ғана білетін өбектің үш айлығында танымдық ке­зеңі басталады. Әлі отырып, айна­ласына еркін қарай алмайтын сәби­дің жалғыз мүмкіндігі — үлкендердің көтергенін күту. Нәрестенің даму кезеңі мынадай маңызды сәттерді ұмытпауды талап етеді:

  • Әлеуметтік қалыптасу, демек бұл кезеңде үлкендердің сәбимен сөйлесіп, қарым-қатынаста бо­луы өте маңызды; • Импринтинг — дүние есігін аш­қан алғашқы минуттарда ба­ланың есінде сақталатын кө­рі­ністер;
  • Сезімталдығының артуы — бө­бекке тек жақсы көңіл күйін сый­лау керектігі;
  • Жайсыз көңіл күйдің бала пси­хикасының тежелуіне әке­ле­ті­нін;
  • Зияттылық дамуы — баланы жа­ңа да жақсы әсерге бөлейтін жағ­дай жасау;
  • Ақпараттардың біртіндеп күр­деленуін қадағалау.

Бөбегіңізді қолыңызға алғанда оның дамуы үшін ең маңызды сипап-се­зі­ну үдерісін қалыптастырасыз. Си­пап-сезіну арқылы миға баратын бел­гі, ана құрсағында жатқан сә­би­дің 5-6 аптасынан бастап, өзге се­зім мүшелерінен бұрын дамиды. Ал, сипап — сезу нүктелері ағзаның бел­гілі бөлігінде ғана емес, тұтас тұла бойында орналасқан. Әсіресе, сау­сақ­тарының ұшы мен ерінінде, иығы мен арқасы, санынан орын тепкен бұл нүктелер, жақын адамның жы­лы­лығын сезінгені жайында бірден миына хабар береді. Сондықтан, ба­ланың қасына келіп, баппен қо­лы­ңызға алып, емізіп, ақырын тер­бете отырып айтқан әніңізден ба­ла­ның күші толыға түседі. Әлбетте, сә­бидің жылап, шаршағанынан гөрі ай­на­ла­сын танып, бақылай алатын сәттері әлдеқайда пайдалырақ. Баланы қолыңызға алып, ақырын айнала жүріп, баяу ғана жоғары-тө­мен, алға-артқа билей жасаған қи­мыл­дарыңыз — сезім мүшелерінің да­муына септігін тигізеді. Анасының айтқан сөздерінен ба­ланың өзіндік сөйлеу мәнері қа­лып­тасады. Құрсақта жатып естіген таныс үн иесінің көңіл күйін ажыратып үй­ренеді. Баласын қолына алып әндетіп жүр­ген жас ананың жаны жұбанып, босанғаннан кейінгі күйзелістен де арылады. Шала туылған нәрестелер анасы­ның жылуы мен демі арқылы тыныс алуын қалыптасырып, қатарластарын тез қуып жетеді. Бірнеше апталық нәрестені бар ма­хаббатыңызбен елжірей кө­тер­ге­ні­ңіз — орынсыз еркелікке үйре­ту де­ген сөз емес. Кішкентай ғана бө­бек­тің ыңғайына көніп, қажетінше баптауды бір жасқа толғаннан кейін ғана сәл ширатуға болады. Ал, бала­ны тым еркелетпей, анасы тек емізе­тін немесе жаялығын ауыстырар кез­де ғана қолына алу керек деген пі­кірдің мынадай сырлары ашылды: Біріншіден, анасының махаббаты­на қана алмаған сәбиде жылылық пен мейірімділік қалыптаспай, үлкейген­де де сол самарқау күйінен ажырай алмай жүреді; Екіншіден, құрсағында жатып, үнемі бірге жүрген жылылықты із­дейтін сәби жаялығы таза, қарыны аш болса да, анасынан алыстауға әлі дайын еместігін білдіріп, әдеттегі жылаудан өзгешелеу дауыспен жы­лайды. Баланың жиі жылап, көңіл күйінің бұзылуы жүйкесіне жақсы тимейді;. Үшіншіден, махаббатын сыртына шығармай, салқынқандылық таныту балаға берілер жақсы тәрбиеге негіз бола алмайтынын да түсінуіңіз керек.

 

САҚТЫҚ ШАРАСЫ

Жас ананың үйішілік шаруасының көп болатыны белгілі. Күнделікті қайталана беретін бірізді күйбең тір­ліктен бала тәрбиесі әлдеқайда ма­ңызды екенін ұмытпаңыз. Ал, өзге шаруаға қашанда жақын сіңлілері­ңіз бен қайынсіңлілеріңізді шақыра аласыз. Сізге көмегін бере жүріп, өз­де­ріне де тәжірибе жинауға мол мүм­кіндік емес пе? Сонымен, баланы қолыңызға алып, мейірлене иіскеудің пайдасын тү­сін­сеңіз, енді қалай дұрыс ұстау ке­ре­к­тігін де айта кетейік. Әлі ше­мір­шек­тері қатаймаған, әлжуаз буын­да­рына зақым келтіріп алмау үшін дұ­рыс ұс­тау керек. Мойыны бе­кіп үл­герме­ген 2-2,5 айлық кезінде, одан кейінгі уа­қытта да баланың ба­сын қолыңызбен демеп ұстаңыз. Жат­қыза көтергенде, баланың шүй­десі шынтағыңызға таяу, арқасы бі­легіңізде жатсын. Ал, жам­басы мен саны алақаныңызбен демеп ұстауға да ыңғайлы, түзу жат­сын. Екбетінен ұстағыңыз келсе, бі­легіңізге ішімен жатқызыңыз. Басы шынтағыңыздың бүгілген тұсына дөп келіп, қолыңыз­бен аяқтарының ара­сынан ұстағаныңыз дұрыс. Ал, еміп болған бөбектің ішіне жиналған жел­ді шығару үшін тігінен ұстайтыны­ңыз және белгілі. Өзіңізге қарата ұста­ған тәттіңіздің арқасы мен басын сүйеңіз. Бала өскен сайын салмақ қосып, әр­лене түседі. Қолыңызға салмақ тү­сіп, шаршамас үшін «беби-слинг» не­месе «кенгуру» секілді көмекшілерді пайдаланған дұрыс. Алайда, баланы көтеруге қаншалықты ығңайлы де­сек те, 40 минуттан артық бір қа­лыпта ұстауға болмайды. Себебі, әлі қалыптасып үлгермеген тірек-қимыл жүйесі зардап шегуі мүмкін. Кез-келген затты мөлшерімен іске асырса ғана пайдалы, артық кетсе зиян бо­латынын ұмытпаған жөн.

 

САҚТЫҚ ШАРАСЫ

Балаңызға деген жылуыңызды, ана­лық махаббатыңызды ашық білдіруге үйреніңіз. 1-2 жасқа келгенде өздігі­нен жүре алатын сәбиді бұрынғыдай кө­те­рудің еш қажеттілігі жоқ. Тек ұзақ серуеннен шаршап қалған кез­дер­де әкесінің мойынына мінгізгені не­месе анасының қолына көтергені еш артықтық етпейді. Аналарымыз арқасына көтерген ба­ла­қанын сақтықта қорлық жоқ де­гендей жылы орамалымен жау­ыры­нына таңып байлап алатын. Бұл ба­ла­ның белі қайырылып кетпеуіне және жаурамауына кепілдік. Әжесі­нің немесе анасының жып-жылы ар­қасында, ыстық құшағында қамсыз-мұңсыз өскен баланың өзгелеріне қа­рағанда сау-саламат, мықты азамат болатынын ғылым да дәлелдейді.

 

 

"Бопем" журналы, №8 (01) қаңтар 2012

 

Реклама
Шоу центр — агентство детских праздников
олдан тспейтін бала
Алматы
Шоу центр — агентство детских праздников, предлагает Вам свои услуги в организации незабываемого
Подробнее
Детский комплекс «Art-LOTOS»
олдан тспейтін бала
Алматы
Детские развивающие центры, детский садик
Подробнее
http://art-lotos-detki.kz
Творческая студия Comilfo
олдан тспейтін бала
Алматы
Самая важная задача всех родителей – сделать так, чтобы любимый ребенок был восхищен своим долгожданным праздником. Мы можем творить чудеса!
Подробнее
http://www.comilfo.kz
Частная школа «Alliance school»
олдан тспейтін бала
Алматы
«Alliance school» - современная Школа завтрашнего
Подробнее
Детский центр гармоничного развития «Умнички»
олдан тспейтін бала
Алматы
Детский центр «Умнички» предлагает интересные и увлекательные, а главное - эффективные занятия д
Подробнее
Познай-ка Монтессори центр
олдан тспейтін бала
Алматы
Детский центр приглашает детей от 1,5 до 7 лет на занятия.
Подробнее
http://www.poznai-ka.kz
Школа художественной гимнастики Натальи Кузнецовой
олдан тспейтін бала
Школа является спортивной организацией и активно участвует спортивно-культурной жизни города Алма
Подробнее
Условия размещения: 30 000 тенге за 6 месяцев или 45 000 тенге за 12 месяцев Все объявления
Разместить рекламное объявление