Статьи

Жыннан кргіштік

566 
410 читателей оценили эту публикацию

Адамның көру қабілеті жастайынан сынаққа түседі. Баланың жанарының өткір болуы үшін қарапайым тұрмыстық ережелерді сақтау керек

Жыннан кргіштік

Адамның көру қабілеті жастайынан сынаққа түседі. Баланың жанарының өткір болуы үшін қарапайым тұрмыстық ережелерді сақтау керек Адам көз арқылы өзін қоршаған ортаны таниды, табиғаттың не­бір таңғажайып сұлу көрі­ніс­терінен эстетикалық ләззат алады, оқып, білім алады. Яғни, өмірдегі қа­жетті ақпараттың 90%-ға жуығын адам тек көз арқылы игеретін көрінеді. Көздің дұрыс жетілуі және оның кө­ру қабілетінің қалыптасуы адамның жас шағынан басталады. Қазіргі кезде көз ауруларының түрі жылдан-жылға артып келеді. Ғалымдардың зерт­теу жұмыстарының деректеріне қарағанда, дүние жүзінде жақыннан көргіштік көз ақауы бар (миопия) балалардың саны жыл сайын кө­бейіп, оның диоптриялық дәрежесі жо­ға­ры­лай беретіндігі анықталып отыр. Миопия сөзі грек тілінен аударғанда «көзімді сығырайтып қараймын және көзқарас, көру» деген мағынаны біл­діреді. Яғни, алыстан жақсы көре ал­­майтын адамның сығырайып қа­райтын әдетіне сай айтылса керек. Қа­зақ мұндайды «сығыр» деп те ай­тады. Медициналық көзқарас тұр­ғысынан алғанда, жақыннан көргіштік (миопия) немесе күшті рефракция — жа­рық сәулесі, яғни бейнелер көздің тор­лы қабығының тікелей өзіне емес, ал­дыңғы жағына жинақталады. Бұл жағдайда көздің өткірлігі тек жа­­қын­нан байқалады; алыстағы зат­тар­дың көрінуі тұманданып бұлдырай түседі.

СИПАТЫ МЕН САЛДАРЫ Орта мектепті бітіретін оқушылар­дың 40%-ға жуы­ғында миопия кездесетін көрінеді. Оның себептері өте көп. Мы­­салы, сыртқы ортаның қолай­сыз­­ды­ғынан жа­қын жерден баланың кө­зіне үнемі күш түсуі. Яғни, жарық қуаты жеткіліксіз күңгірт, алакөлең­ке жер­де жазу, сурет салу, оқу және т.б., оты­ратын үстелдің, партаның және орындықтың баланың бойына сәйкес болмауы, ұзақ уақыт бойы теледидар көру. Жақыннан көргіштіктің дә­ре­жесі диоптрия бірлігі арқылы анық­та­лады. Жақыннан көргіштіктің бірлігі артқан сайын баланың алыстан көруі нашар болады. Миопия дәрежесіне қарай үшке бө­лінеді: • 1,0-ден 3,0 диоптрияға дейінгі әл­сіз; • 3,25-тен 6,0-ға дейін орташа; • 6,25 диоптриядан бастап жо­ғары. Ал, этиологиясы бойынша: • Осьтік миопия кезінде көз ал­масының алдыңғы-артқы диа­мет­рі ұзарып, ол дөңгелек болмай, со­пайып кетеді; • Рефракциондық миопияда көздің жарықты сындыру күші молайып, ол фокустық (анық көрінетін) ара­қашықтықты азайтады. Көз алмасы диаметрінің ұзаруға бейім­дігіне қарай: • Стационарлы; • Прогрессивті болып екіге бөлінді. Көз тініндегі дистрофиялық өзгеріс­тердің болуына қарай: • Қарапайым; • Күрделі деп аталатын түрлерге бөлінеді. Жақыннан көргіштік баланың мінез-құлқына, тіпті тәр­тібіне де әсер етіп өзгертеді. Ол ұмытшақ болып, тез шар­­шайды. Қолындағы заттарын кө­зіне тақап қарайды, шүйлігеді, ба­сын тө­мен салбыратып жү­реді, бүкшең­дей бас­тайды. Бұлардан басқа, көзі талып, басы ауырады. Кейбір балалар алған затын мұқият қараудан титық­тап, ақы­­рында көзі қитарлана бастайды. Осындай ауру бел­гілері бар балалар­ды көз дәрігеріне (офтальмолог) көрсету қажет. Медицинада жақыннан көр­гіш­тікті тұқым қуалайтын және жү­­ре пайда болған деп екіге бөліп қа­рас­тырады. Ата-анасының біреуінің кө­зі алыстан нашар көретін болса, ол балаға да әсер етуі мүмкін. Әрі мұн­дай туа біткен миопияның асқыну қарқыны да жоғары болады. Жүре пайда болған миопияның себептері же­терлік. Компьютерлік ой­ын­дар, те­ле­дидарға ұзақ қарау баланың көзіне аса зиян. Бұдан басқа себептерге: 1. Дұрыс тамақтанбау; 2. Күн сәулесі түспейтін, тек электр жарығының астында ойнау; 3. Омыртқа жотасының қи­сайып, жү­рісінің бұ­зылуы; 4. Қимыл-қозғалыс ойын­дарының аз­­­­дығы; 5. Тым ұсақ ойын­шық­тар­мен ойнау; 6. Иммунитеттің әлсіздігі жатады.

ТАМАҚТАНУ РЕТІ Баланың көзіне А, Е, Д дәрумендері және магний, кальций, хром, мыс, мы­рыш, азот қышқылы керек. Ас мәзірі­­не сәбіз, жаңғақ, асқабақ, ақжелкен мен аскөкті көбірек қосу керек. Олардың құрамындағы дәрумендер ағзаға жақ­­­сы сіңуі үшін өсімдік майымен не­­ме­се қаймақпен бірге жеу керек. Қа­ра­жидек, итбүлдірген, мүкжидек сияқ­ты өсімдіктердің көздің көру қа­бі­летін қалпына келтіретін тамаша қасиеті бар. Сонымен бірге кептіріл­ген жемістерде, әсіресе, өріктің қағында пайдалы ферменттер жетерлік. Ба­ла­ға сүт тағамдарын, қуы­рылған не­месе ыстал­ған емес, асылған ет пен балық беру керек. Консервілер мен қуы­рыл­ған тамақтарды, тәт­ті то­қаш­тарды неғұрлым жемеуге ты­рыс­қан жөн. Ба­ланы жастайынан ағ­заға пайдалы ас мәзіріне бейімдеп, үй­рет­кен дұрыс.

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС Компьютердің көзге зиян­дылығын бар­лы­ғы­мыз білеміз. Алайда, оның ал­дында сағаттап ойын ойнайтын не­месе мульт­фи­льм көретін баланы те­жеуге айла таппай, дәр­менсіздік та­нытамыз. Бұл теледидарға да қа­тыс­ты. Мәселені шешу үшін ба­лаға көз ауруының алдын алатын сақтық ша­расын үйреткен абзал. Мысалы, компьютердің алдында 30 минуттай отырғасын міндетті түрде көзді жұ­мып, 3 минуттай отыру немесе көзге 15 минуттық арнайы жаттығу жасау керек. Қазір ата-аналардың көпшілігі бала жұмысына кедергі болып, аяғы­на оралмасы үшін компьютерлік ойын қосып беруді әдетке айналдырған. Бұл дұрыс емес. Дені сау, саналы да жі­герлі, еркін өзі билей алатын бала қа­лай қалыптасады? Ең алдымен, ата-анасы оның тәр­бие­сіне жеткілікті көңіл бөлгенде, яғ­ни компьютер, теледидардан бас­қа да өмірде толып жатқан қызықтардың ба­рына баланың көзі жетуі тиіс. Да­ла­да, табиғат ая­сында ойнату, атқа мі­ну, велосипед тебу, қуа­ласпақ, фут­бол, хоккей ойнау, сырғанақ, шаң­ғы, коньки тебу, сурет салу, музыка — осы­ның барлығы баланың жан-жақ­тылы дұрыс дамуына негіз бо­ла­ды. Балабақшада нашар көретін ба­ла­ларды әдетте жарық көзіне жақын отырғызады. Тәрбиеші көзілдірік ал­ған балалар­дың көзілдірігін тағып жү­руін қадағалауы керек. Көзілдірік балалардың көзіне сәйкес, тексеріліп алынуы қажет (көзілдірік шынысы­ның орталығы көз орталығымен бір­дей болуы, ал көзілдірік доғалары құ­лақ­қа ілуге ыңғайлы болуы керек). Бала­ның көзілдірігі үне­мі қисайып, тү­се бере­тін болса, ол өте зиян, сон­дық­­­тан, осы кемістікті тез арада жөн­­деткен жөн. Егер көзге қатысты ги­­гиеналық талаптарды сақтап, дә­рі­гердің кеңестерін бұл­жытпай орын­да­са, ауру асқынбай бір қалыпты тұра­­ды. Баланың көзіне түсетін ауырлық­ты шек­теп, көбірек таза ауада болуын, ой­­науын, шынығуын қа­дағалау жөн.

КӨЗГЕ ПАЙДАЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЙМЫЗ 1. Үйдің іші жарық болуы тиіс, күн сәу­лесі мол түсуіне жол ашып, те­резелердің әйнегін еш нәрсе кө­ле­гейлемеуі, таза болғаны жөн. Алай­да, шаңқай түсте шақырайған күн сәулесін түсірмей, перде тұту керек. Тым жарықтың да зияны жетерлік. 2. Бала үстелге отырып, жазу, сурет салумен айналысқанда жарықтың тек сол жағынан түскені дұрыс. Кеш­ке қуаты 100 Вт-тан кем бол­май­­­тын, төбеден түсетін электр жа­ры­ғын қосу керек. 3. Компьютердің мониторы қол со­зым­дай қашықтықта тұруы тиіс, әрі монитор оның дәл ортасы көз­дің деңгейінен 15 см-дей төмен бо­латындай етіп орналастырылғаны жөн. Жарығы бәсеңдеу болуы тиіс. Монитор алар­да ақшаны үнемдеп, сапа­сы­зын алып жүрмеңіз. Арзан монитор көзге өте зиян болады. 4. Баланың үстел ба­сын­да отырған қал­пын қа­дағалаңыз. Арқасын тік ұстап, басын тұқырайтпай отыруы тиіс. Аяғының астына биіктетіп бір зат қою керек. Көзі мен үстел үсті арақашықтығы 33-35 см-дей болуы тиіс, ал кітап қараса немесе оқыса, оны арнайы кітап қойғышқа салып қойған жөн. 5. Теледидарға дейінгі қа­шықтық о­ның диа­гоналінен 5 есе алыс бо­луы тиіс. 6. Бөлменің ауасын жиі желдетіп, мүм­кіндік болса, ауа ионизаторын пай­да­ланған дұрыс. Ақшамда, күңгірт жерде, көлікте және жатып кітап оқуға мүлдем болмайды.

КӨЗГЕ АРНАЛҒАН ЕМДІК-САУЫҚТЫРУ ЖАТ­ТЫҒУЛАРЫ Түрегеліп тұрған қалыпта орын­да­ла­ды: 1. Жоғары қарап тұрып, көзді жылдам төмен түсіру ( 6-8 рет); 2. Диагональ бойынша: алдымен жоғары оңға, одан соң төмен солға қарау ( 6-8 рет); 3. Горизонталь жазықтық бойынша оңға және солға қарау ( 6-8 рет); 4. Диагональ бойынша жо­ғары-солға, кейін төмен-оңға қарау ( 6-8 рет); 5. Беттің орта тұсы дең­гейінде қолды алға со­зып, бір саусаққа тесіле қарау және саусақты бір­тіндеп көзге тірелгенше жа­қын­дату (6-8рет); 6. Сұқ саусақты кеңсірік­ке қойып, оған екі көзбен бірдей қарау ( 10-11 рет); 7. Көз алмасын сағат ті­лі бойынша айналдыра қа­рау және керісінше. Жат­ты­ғуларды тұрақты түрде жасауға тырысу керек.

 

"Бопем" журналы, № 8 (01) қаңтар 2012

Реклама
Познай-ка Монтессори центр
Жыннан кргіштік
Алматы
Детский центр приглашает детей от 1,5 до 7 лет на занятия.
Подробнее
http://www.poznai-ka.kz
Школа художественной гимнастики Натальи Кузнецовой
Жыннан кргіштік
Школа является спортивной организацией и активно участвует спортивно-культурной жизни города Алма
Подробнее
Творческая студия Comilfo
Жыннан кргіштік
Алматы
Самая важная задача всех родителей – сделать так, чтобы любимый ребенок был восхищен своим долгожданным праздником. Мы можем творить чудеса!
Подробнее
http://www.comilfo.kz
Шоу центр — агентство детских праздников
Жыннан кргіштік
Алматы
Шоу центр — агентство детских праздников, предлагает Вам свои услуги в организации незабываемого
Подробнее
Детский центр гармоничного развития «Умнички»
Жыннан кргіштік
Алматы
Детский центр «Умнички» предлагает интересные и увлекательные, а главное - эффективные занятия д
Подробнее
Детский комплекс «Art-LOTOS»
Жыннан кргіштік
Алматы
Детские развивающие центры, детский садик
Подробнее
http://art-lotos-detki.kz
Частная школа «Alliance school»
Жыннан кргіштік
Алматы
«Alliance school» - современная Школа завтрашнего
Подробнее
Условия размещения: 30 000 тенге за 6 месяцев или 45 000 тенге за 12 месяцев Все объявления
Разместить рекламное объявление