Статьи

Жкті йелді терісіне андай ктім ажет?

728 
259 читателей оценили эту публикацию

Жүкті әйел терісінің созыл­малы тал­шықтары үзілуге бейім тұрады. Мұның алдын алмаса, кейін теріде ақ жылтыр, жіңішке жолақ түрінде із қалып қояды.

Жкті йелді терісіне андай ктім ажет?

Тоғыз ай бойы жүкті әйелдің ағ­засы мен дене бітімі үлкен өз­геріске ұшырайды. Әсіресе, құр­са­ғы кеңіп, омырауына уыз сүт жи­на­лып үлкейген сайын те­рі­сі де созылады. Кейбір әйелдердің те­рісі осындай салмаққа шыдамай, омы­рау, құрсақ тұсынан ыдырап, орнында бозғылт күлгін жолақтар пайда бо­лады. Кейіннен олар ағарып, жыл­тырап көрінеді. Косметологтар тері­де­гі мұндай ақ жолақтарды стриялар деп атайды. Бұл терінің созыл­малы талшықтарының үзілуінің бел­гісі. Те­рінің созылғыш, серпінді бо­луы оның құрамындағы эластин мен коллаген атты ақуыз-полимерлерге байланысты. Аяғы ауыр әйелдің ағзасында жү­ретін гормоналды өзгерістердің нә­тижесінде аталмыш ақуыз-полимер­лердің түзілуі азаяды. Осы ақуыздар жетіспегендіктен тері ыдырап, оның орны біртіндеп байланыстырушы тін­дер арқылы бірігеді. Терінің ыдырауына тек қана ағзадағы гормоналды өзгерістер әсер етпейді. Бұл сонымен бірге тұқым қуалайды және жүкті әйелдің аз уақыт ішінде көп салмақ қосуы да себеп болады. Аяғы ауыр әйел терісін әдемі қалпында сақтап қал­ғысы келсе, құрсағы тым үлкейіп кетпей тұрғанда терісіне күтім жасауды бастағаны жөн. Ол үшін арнайы косметикалық заттарды пайдаланып, емдік шаралар қолданып, массаж ар­қылы терінің созылғыштығын арттыру керек.

 

ҚАРАПАЙЫМ ТӘСІЛ

Жүкті әйелдің іші мен омырауының көлемі ұлғаятындықтан, олардың те­рісі де ыдырауға дайын тұрады. Омыр­ауға түскен салмақты азайту үшін сапалы омырауқап тағу керек. Ал, құрсақтың терісі ыдырамауы үшін оның астыңғы жағынан демеп тұ­ратын бандаж тағудың пайдасы көп. Омырауқаптың мақта матадан тігіл­ген, иыққа ілінетін таспасы жалпақ­тау түрін таңдаңыз. Осындай үлгі кеудеңізді қыспай, омырауды астың­ғы жағынан демеп тұрады. Бандаж таңдау мәселесі бойынша дәрігермен ақылдасыңыз. Себебі, кейде дәрігер­лер денсаулығына байланысты аяғы ауыр әйелдің бандаж тағуына рұқсат бермейді. Қазіргі кезде бандаждардың түрі жетерлік: ышқыры кіндіктен жо­ғары, ішті толығымен жауып тұратын іш киім түрінде тігілген бандаж, со­зыл­малы белдік түрінде, астары мик­рофибрадан тігілген бандаждар да бо­лады.

 

ТАМАҚТАНУ МӘСЕЛЕСІ

Жоғарыда айтып өткеніміздей те­рі­нің серпінді болуы үшін коллаген мен эластин ақуыздары қажет. Сон­дықтан жүкті әйел ақуызға бай өнім­дерді тамаққа пайдаланғаны жөн. Жұ­мыртқа, сүт тағамдары, сиырдың еті, бауыр мен С дәруменіне мол тағамдар жеудің тері үшін пайдасы зор. Олар­дың құрамында коллагеннің құры­лым­дық компонеттері болғандықтан бұл тағамдар коллаген ақуызының синтезін жақсартады. Дұрыс тамақ­тан­саңыз салмақты біртіндеп, аз-аз­дан қосасыз. Егер осы аталған ақу­ыз­дар азайса, терінің коллагенді тал­шықтары тым жіңішкеріп кетеді де, үзіл­гіш келеді. Тері тіні мықты болуы үшін ағзаға қосымша қанықпаған май қышқылдары да қажет. Олар өсімдік майы мен жаңғақтардың құрамында өте көп. Ал, тәтті тоқаштар мен қант-кәмпитті қоя тұрып, оның орнына жемістер мен көкеністер жеу керек.

 

ТАБИҒИ ДӘРУМЕНДЕР

Кейбір өсімдіктер теріге пайдалы қа­си­еттері жағынан заманауи кос­ме­ти­кадан бір кем түспейді. Осын­дай өсімердің майын, суға қайна­тып, тұн­басын терінің күтіміне пай­да­лан­са­ңыз болады. Мысалға, итмұрын, бүр­ген, қырмызы, бадам мен бидай­дың өскінінің майын терінің ыдырау­ға жа­қын тұстарына таңертең және кеш­ке айналдыра массаж түрінде жа­ғып тұрыңыз. Сонымен бірге зәйтүн май­ының да құрамында Е дәрумені көп. Ол теріні ылғалдандырады, тінінің бе­ріктігін арттырып, жасушалардың тез жаңаруына ықпал етеді. Қарақат, жалбыз, итошаған, түймедақ, лаван­да, жасмин, итмұрынның гүлдерінің құр­ғақ күлтелерінен жасалған қоспа теріге өте пайдалы. Осы құрғақ қос­паның 30-50 г-ына үш литр суық су құйып, оны отқа қойып, қайнағанға жеткізбей отты өшіреміз. Бір сағаттай тұрғасын, сүзгіден өткізіп осы тұнба­ны ваннадағы суға құямыз. Ваннаға қосымша бірнеше ас қасық зәйтүн майын да қосуға болады. Тек судың температурасы 37 С-тан аспауы тиіс. Ал мұндай ваннаға 10 минуттан ар­тық түсуге болмайды.

 

МАССАЖДЫҢ ПАЙДАСЫ

Массаж тері жасушаларындағы зат алмасу үдерісін қалпына келтіріп, қан айналымын жақсартады. Массаждың алдында және одан кейін де терінің ыдыраудың алдын алатын арнайы май немесе кремді жаққан дұрыс. Мас­саждың бірнеше түрін кезекпен ауыстырып жасау керек. Дәрігермен ке­ңескенде зияны жоқ деген уәж айт­са, шым-шым және салқындау суды ал­мастыра отырып, яғни контрастылы душ арқылы массаж жасау да теріге пайдалы. Атқылап тұрған суды те­рінің ыдырауға анағұрлым бейім тұстарына айналдыра тигізіп массаж жа­саңыз. Алдымен жылы судан бас­тап, салқын сумен аяқтаңыз. Жағ­дайы­ңыз келсе, бұл массажды күніне екі рет, таңертең және кешке жасауға болады. Бұған қоса, бөксеңіз бен жам­басыңызды, құрсағыңызды дымқыл түкті ора­малмен ысқылап тұрыңыз.  

 

КӘСІБИ КЕҢЕС

Жүкті әйелдер терісіне күтім жасау үшін қандай крем таңдаған жөн? Олардың құрсақта жатқан балаға зиянсыз түрлері қандай? Аяғы ауыр әйелдерді алаңдататын бұл сұ­раққа косметолог дәрігерлер жауап бере алады. Олар фарма­цев­тикалық зерттеулер нәтижесі­не сай өндірілген, дәріханаларда сатылатын кремдер мен майлар­ды қолдануға кеңес береді. Мұн­дай косметиканы сатып аларда қорапшасының сыртында неме­се нұс­қаулығында жазылған ақ­па­ратты мұқият оқып шығу керек. «Жүкті болған кезде және босан­ғаннан кейін де қолдануға болады» немесе «Бала емізіп жүргенде қол­дануға болады» деген жазуы бар косметикалық заттарды алаң­сыз пайдалануға болады. Құра­мында ши майы, эсцин, бөрібұршақ сы­ғындысы, авокадо протеині, мель­тодекстрин, сквалан, токоферолы бар косметика аса пайдалы ке­леді. Жүкті әйелге іш жүргізетін, несеп айдайтын дәрілерді ішуге бол­майды. Жүктіліктің соңғы тоқ­са­нында тамаққа салатын тұзды азайтқан жөн. Қызғылт сары түс­ті кө­кеністер мен жемістерді кө­бірек же­ңіз. Омыраудың қалпын сақ­тау­ға мынадай қарапайым жат­ты­ғулардың аз да болсын пайдасы бар. Қолыңызды екі жаққа созып тұрып, жоғары-төмен қозғалтыңыз. Осы қалпыңызда ауада қолыңыз­ды шеңбер сызғандай айналды­ра қозғалтыңыз; омырауыңыздың дең­гейінде қолыңызды алға со­зып, екі алақаныңызды бір-бірі­не тигізе, күшпен қысып, қайта босатыңыз. Жаттығуларды тұрақты түрде жа­сауға тырысыңыз.

 

"Бопем" журналы № 7 (12) желтоқсан 2011

Реклама
Частная школа «Alliance school»
Жкті йелді терісіне андай ктім ажет?
Алматы
«Alliance school» - современная Школа завтрашнего
Подробнее
Школа художественной гимнастики Натальи Кузнецовой
Жкті йелді терісіне андай ктім ажет?
Школа является спортивной организацией и активно участвует спортивно-культурной жизни города Алма
Подробнее
Творческая студия Comilfo
Жкті йелді терісіне андай ктім ажет?
Алматы
Самая важная задача всех родителей – сделать так, чтобы любимый ребенок был восхищен своим долгожданным праздником. Мы можем творить чудеса!
Подробнее
http://www.comilfo.kz
Шоу центр — агентство детских праздников
Жкті йелді терісіне андай ктім ажет?
Алматы
Шоу центр — агентство детских праздников, предлагает Вам свои услуги в организации незабываемого
Подробнее
Детский центр гармоничного развития «Умнички»
Жкті йелді терісіне андай ктім ажет?
Алматы
Детский центр «Умнички» предлагает интересные и увлекательные, а главное - эффективные занятия д
Подробнее
Детский комплекс «Art-LOTOS»
Жкті йелді терісіне андай ктім ажет?
Алматы
Детские развивающие центры, детский садик
Подробнее
http://art-lotos-detki.kz
Познай-ка Монтессори центр
Жкті йелді терісіне андай ктім ажет?
Алматы
Детский центр приглашает детей от 1,5 до 7 лет на занятия.
Подробнее
http://www.poznai-ka.kz
Условия размещения: 30 000 тенге за 6 месяцев или 45 000 тенге за 12 месяцев Все объявления
Разместить рекламное объявление